қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.10.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ ДААД шеңберінде Халықаралық конференцияның жабылуы

 

2022 жылы 12 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да ДААД қаржыландыратын «Pedagogical Professionalism and Internationalisation - Dialogue with the Post-Soviet Islamic Education Space» халықаралық жобасы шеңберінде «Dual Models of Training of Future Pedagogical Professionals in the International Educational Space: Problems, Solutions and Prospects" халықаралық конференцияның екінші күні өтті.

 

Екінші күні профессор А. Rakhkochkine мен Ulviyya Hajiyeva модераторлығымен «Pedagogical problems and psychological support of dual training of pedagogical professional, in particular in international education» тақырыбында халықаралық конференциялардың екінші панелі өтті. Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті қатысушысы Sabina Taghiyeva және FAU университеті қатысушылары Sabina Mejidova, Natalia grybos, Matthias Müller өз елдеріндегі білім берудің интернационалдандыруы туралы айтып берді.

 

"Innovative models of dual training of pedagogical professionals and new technologies" тақырыбындағы халықаралық конференцияның үшінші панелінде қатысушылар өз елдерінде дуальды білім берудің инновациялық модельдері мен жаңа технологияларымен бөлісті. Абай атындағы ҚазҰПУ қатысушылары Talgat Kilybayev «Мирас» академиясының тұғырнамасымен бірге "Dual Online Teaching: Development of Teachers` digital Skills» жобасын ұсынды, Аида Аліхай пандемия кезінде мектептердегі онлайн практика тәжірибесімен бөлісті, Алия Махамбетова мен Ольга Тапалова студенттерге арналған дамытушы ғылыми зертхана жобасын ұсынды. Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің қатысушысы Jala Samadova Әзірбайжанда дуальды білім берудің жаңа технологияларын қолдану туралы айтты.

 

Халықаралық конференцияның соңында қатысушылармен пленарлық сессия өтті. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова және профессорлар А. Rakhkochkine (FAU), Ulviyya Hajiyeva (ASPU) конференцияны қорытындылап, қатысушыларға сәттілік пен кәсіби жетістіктер тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=