қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.10.2022

Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті доценті Авак Вартанянның халықаралық тағылымдамасы

 

2022 жылдың 11-18 қазан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасына ғылыми-педагогикалық тағылымдама аясында Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) Азаматтық құқық және процесс кафедрасының доценті Вартанян Авак Михайлович келді.

 

Тағылымдаманың мақсаты - білім беру қызметі саласындағы кәсіби құзыреттілік пен теориялық және практикалық дайындық деңгейін арттыру, құқықтану саласындағы білім беру қызметінің жаңа әдістерін, технологиялары мен элементтерін игеру.

 

Тағылымдаманың міндеттері - құқық бейіні пәндерін оқытудың жаңа әдістерін игеру және пайдалану, оқытушылық қызметті ұйымдастыруды жетілдіру, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы, заң ғылымының қазіргі заманғы жетістіктерімен танысу, озық педагогикалық технологиялармен, оқытудың инновациялық нысандары мен құралдарымен танысу.

 

Ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге және тағылымдамадан өту туралы шартқа қол қойылды.

 

  alt=  

 

  alt=