Баланың бәрі бақытты болуы үшін жаралған
2022 жылдың 17 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Назым Конкабаеваның қолдауымен «6В01709-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» (араб, корей, қытай, түрік топтары) білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен педагогика пәнінің оқытушысы Магрипа Ибраеваның ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сәбилер күніне арналған «Баланың бәрі бақытты болуы үшін жаралған» мерекелік іс-шарасы өтті.
Мақсаты - студенттердің «Сәбилер күні» туралы түсініктерін бекіту, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде өзін құрметтей білумен қатар жеке қасиеттерін дамыту, өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру, бір-бірін сыйлауға, ұжымшыл болуға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу.