қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.10.2022

«Әлеуметтік жобалау: өзін-өзі танудың өзекті идеялары» семинар-практикумы


2022 жылғы 18 қазанда «Мейірім» клубының ғылыми-зерттеу бағыты бойынша п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.К. Ширинбаеваның және супервайзер И.Т. Молдрахымның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 3-курс ерікті студенттері үшін «Әлеуметтік жобалау: өзін-өзі танудың өзекті идеялары» семинар-практикумы өткізілді. Олардың идеялық мотивациясын іске асыру, зерттеу қызметін дамыту және өздерінің әлеуметтік жобаларын құру мақсатында әлеуметтік жобалаудың шеберлік сыныбы түрінде жүргізілді.


Іс-шара аясында ерікті студенттер әлеуметтік жобаны жазу және оны жүзеге асыру жолдарын үлгілеу алгоритмін үйренді. Түрлері мен типтері бойынша әр түрлі әлеуметтік жобалар білім беруді кеңейту («Жанды білім жүректен»), экономикалық («Мен дағдарыссыз планетаны қолдаймын»), қоғамдық-саяси («Еріктілер Бейбітшілік үшін!») жастардың көзқарастарына бағытталған. Жобалар шешуді талап ететін өзін - өзі танудың өзекті идеялары мен әлеуметтік мәселелеріне негізделген.


Жеке әлеуметтік жобаларды құру бойынша жұмыс білім беру үдерісін ашық әрі нәтижелі ете отырып, ерікті студенттерді біріктірді. Рефлексивті талдау кезеңінде іс-шараға қатысушылар өздерін тұтастай жүзеге асыру үдерісіндегі сезімдерімен алмасты.


Семинар-практикум соңында ерікті студенттердің зерттеушілік дағдыларын игеру мақсатында осы бағыттағы жұмысты жалғастыру бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=