Абай университеті: "Аутизм заманауи білім беру кеңістігінде: мәселелер мен мүмкіндіктер" тақырыбындағы дөңгелек үстел
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Арнайы педагогика» бағыты бойынша (6В019, 7М019, 8D019 - Арнайы педагогика) РОӘК базасында «Аутизм заманауи білім беру кеңістігінде: мәселелер мен мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - заманауи білім беру кеңістігінде аутизм мәселелерін талқылау, Қазақстан Республикасындағы аутистік спектрі бұзылған балалармен жұмыс тәжірибесімен алмасу болды. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының директоры Абаева Г.А., «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Аутаева А.Н.
Жұмыс барысында Аутистік спектрі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жолдары, ҚР білім беру жүйесінде аутист балаларға көмек көрсету, «Аутистік спектры бұзылған блаларға қолдау көрсету жүйесін құру» жобасы бойынша мамандар даярлау«Аутистік спектры бұзылған блаларға қолдау көрсету жүйесін құру» жобасы бойынша мамандар даярлау, 6-8 жастағы аутистік спектры бұзылған балалардың тұрмыстық лексикасын дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстары сияқты өзекті мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды.
Жарыссөзге Қазақстан Республикасындағы ЖОО өкілдері (ҚазҰлтҚызПУ, Павлодар Педагогикалық университеті, ТарМУ, ОҚМУ, оқытушылар, білімалушылар); «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы», «Аутистік спекторы бұзылған балаларға қолдау көрсету жүйесін құру» жобасының координаторлары, «Росток» АВА орталығының мамандары, "Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді оңалту орталығы» жеке қорының директоры, Өскемен қаласы №15 орта мектебінің педагог-психологы және тағы да басқа жалпы және арнайы білім беру ұйымдарының мамандары қатысты. Дөңгелек үстел соңында маңызды ұсыныстар қабылданды.
26.10.2022 ж.
Ақпарат көзі: bilimdinews.kz