қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.10.2022

«Менің балалық шағымның қиялы» тренинг-әңгіме


2022 жылғы 26 қазанда «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық және аниматорлық бағыттары бойынша қауымдастырылған профессор Г. К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-курс ерікті студенттері И. Молдрахым, Ж. Жұмаәділ, Ж. Төлепберген, Р. Еркінов Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі адамдарына арналған «Менің балалық шағымның қиялы» тренинг-әңгіме өткізді.


Тренинг-әңгіменің әлеуметтік-педагогикалық мақсаты - қатысушыларға балалық шақ пен қиял, шексіз мүмкіндіктерге деген сенім, шексіздік, бірлік, бәрімен үйлесімділік, болашақ моделі, сүйіспеншілік. қанағатттандырушы арманның жағымды энергиясы мәселесі туралы тереңірек түсінік алуға көмектесу.


Тренинг-әңгіменің әлеуметтік-педагогикалық және аниматорлық бағдарламасын іске асыру мақсатында практикумның барлық тиімді жаттығулары пайдаланылды: «Жағымды куйге келу (Жарыққа шоғырлану)»; «Балалық шақтан қызықты оқиға» еркін әңгімелеу ойыны; рөлдік жағдайларды ойнау; «Баржа» ойын жаттығуы; «Егер ойлай алсаң, тауып көр!» арт-терапия ойыны; өмірлік жағдайды талқылау және талдау; қысқаша импровизация практикумдары; «Қиялдағы әлемі» сананы тазартудың релаксациялық техникасы; «Ән айтуды жалғастыр!» топтық ән айту.


Жаттығудың өткізілген түрлері қатысушылардың армандарын қанағаттандыратын барлық жағымды энергиямен үйлесімділікті жақсартуға мүмкіндік берді. «Қиялдағы әлемі» релаксациясы аясында қатысушылар балалық шақтағы қиялдарды, өмірлік тәжірибенің негізгі принциптерін үйлестіре отырып, болашаққа ұмтылу моделін іс жүзінде игерді. Олардың жүректерінде өзін-өзі сүю, жағымды эмоционалды әсерлер мен сезімдер толықты.


Өзінің ішкі әлемін жаңа құндылықтардың көмегімен байыту мүмкіндігі туралы осы әсерлерді қатысушылар тренинг-әңгіменің рефлексивті бөлігінде айтып, шағын топтағы қызметті ұйымдастыруда алған әлеуметтік тәжірибелері үшін ерікті студенттерге алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=