қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.10.2022

Абай университетінің білім беру процесін нәтижелі жүзеге асыру міндеттері

 

2022 жылғы 26 қазанда Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен бірлесе отырып, кафедра меңгерушілерімен оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне арналған жиын өткізді. Басқосуда Мақтағали Бектемесов университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамын «Академиялық адалдық» кодексімен толық таныстыру, оның басты ережелері мен «Академиялық адалдық» саясатын бұзушылықтың алдын алу шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, проректор бітіруші курс білім алушыларының сұранысына сәйкес Ұлттық біліктілік тестілеуде (ҰБТ) берілетін тапсырмалардың мазмұнына сараптама жасалып жатқандығына тоқтала келе, білім беру процесінде білім алушылар мен оқытушылар жұмысын нәтижелі үйлестіруге мүмкіндік беретін «Univer» жүйесін тиімді пайдалану мәселесін, алдағы сессияны сапалы өткізу мақсатында тиянақты дайындықты жүзеге асыру, сондай-ақ, білім алушылардан қабылданатын тест, эссе, ауызша, жазбаша сұрақтар тәрізді тапсырмаларды дайындауға зор көңіл бөлу қажеттігін міндет етіп қойды.


Жиында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков І-ші аралық бақылауды өз мерзімінде аяқтау, білім алушылармен кері байланыс орнату, қашықтықтан білім беру мәселелерін толық орындаудың маңызды екендігін атап өтті.


Басқосуда университеттің Тест орталығының директоры Даража Исабаева «Abai University білім алушыларының оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға дайындық» тақырыбындағы презентациясында алдағы сессияда тест, ауызша, жазбаша түрде қабылданатын емтихандардың арақатынасының шамасын ұсынып, «Оқулық» жүйесінде емтихан тапсырудың қолдау тапқанын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=