қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.10.2022

Республика күніне арналған мерекелік концерт


2022 жылғы 25 қазанда Республика күніне орай Медеу ауданы әкімінің аппаратымен Ғылым ордасының алдында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жиналған тұрғындар мен қонақтарды Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев құттықтады. Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әскери кафедрасының студенттері белсенді қатысты.


Іс-шара барысында аудан әкімінің атынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әскери кафедрасының бастығы, запастағы полковник Қ. Мамбеталиев және әскери кафедрасының цикл бастығы майор О. Федорова алғыс хаттармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=