Құрметті институт директорлары!
2020 жылғы 2 наурызда ҚР Премьер-Министрі А.Мәминнің төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісінде бүгінде әлемнің шартарабында көрініс беріп жатқан жұқпалы коронавирустың (GOVID-19 елімізге таралмауы, оның алдын алу шаралары туралы мәселе қаралды. Онда шетелдерге туристік және қызметтік іс-сапарларды, тауар алмасуларды, әртүрлі байланыстарды уақытша шектеу талап етілді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та осындай жауапты сәтте халықты аса сақ болуға, жеке гигенаны қатаң сақтауға және шетелдерге шықпауға, көпшілік жиналатын іс-шараларға қатыспауға шақырды.
Бүкіл әлемнің алаңдаушылығын туғызып отырған осынау жұқпалы коронавирустан сақтану, оның алдын алу бүгін біздің университет ұжымының да басты міндеті болуға тиіс. Сондықтан:
- Академиялық ұтқырлық және басқа да халықаралық бағдарламалар бойынша университет білім алушылары мен оқытушыларын шетелдерге жіберу және шетелдік оқытушылар мен менеджерлерді бізге шақыру, университет қызметкерлерін өз еліміздің ішінде іс-сапарларға жіберу тоқтатылсын;
- Университет пен институттарда өткізілетін конференциялар, спорттық және мәдени-көпшілік шаралар, көп адам жиналатын жиындар шектелсін.
- Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі ескертіп отырғандай, әрбір оқытушы мен қызметкер , білім алушы жастар жеке бастың гигиенасына, сақтық шараларына аса мұқият болуға тиіс.
- Оқытушылар құрамы мен студенттер, жалпы білім алушылар арасында коронавирустан сақтану туралы санитарлық-ағарту және түсінік жұмыстары жүйелі және тұрақты жүргізілсін.
- Бұл іске қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары тартылсын.