қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
02.11.2022

«ROBO FEST-2022» робототехника турнирі


2022 жылдың 1 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институтының «Abay Robo» робототехника клубы және «Stem Park» орталығының ұйымдастыруымен «ROBO FEST-2022» институт аралық робототехника турнирі жоғары денгейде өткізілді.


Турнирді Математика, физика және информатика институтының директоры Бақыт Сыдықов, институт директорының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Жасұлан Мұхашев және Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасы Райымбек Пірәлі жылы лебіздерін білдіріп, салтанатты түрде ашып берді.


Алты команда үш кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды: I орын - Skyluna (2 курс студенттері) - 20 000 теңге; II орын - Kep1er (2 курс студенттері) - 15 000 теңге; III орын - Tesla (1 курс студенттері) - 10 000 теңге.


Әрбір тур әрбір қатысушыға робототехника саласындағы білімін одан әрі дамыту және жетілдіру үшін үлкен тәжірибе берді. Бәсекелестік бар жерде даму бар деп бекер айтылмаған. Сондай-ақ, бұл турнир көрермен ретінде қатысқан басқа студенттердің осы салаға деген қызығушылығын ашуға ықпал етті. Қазылар алқасының мүшелері ұйымдастырушылар мен қатысушыларға керемет атқарылған жұмыс үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, бірінші орынның жүлде қорына 10 000 мың теңге қосымша қаржы аударылды.


Бұл іс-шара Математика, физика және информатика институтының «Abay Robo» робототехника клубы үшін осы уақытқа дейін жасаған жұмыстарының үздік нәтижесі болып саналады.

 

  alt=  

 

  alt=