қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
03.11.2022

Зерттеу этикасының мәселелері талқыланды


Назарбаев Университеті Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитетінің төрағасы, Жоғары білім беру мектебінің профессоры Элейн Шарплин Абай университетінің докторанттарымен кездесті. Кездесуге ректор Дархан Біләлов, Институционалдық тиімділік кеңсесінің басшысы Шерпидин Хамраев, Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова, жас ғалымдар қатысты.


Кездесудің мақсаты - заманауи зерттеу этикасын және оның қағидаттарын дамыту, зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибе алмасу, білім алушыларда кәсіби және адамгершілік нормаларын қалыптастыру.


Кездесудің маңыздылы­ғына тоқталған Дархан Біләлов ғылыми-зер­ттеу университетін құрудағы халықаралық деңгейге шығу жолында зерттеу этикасының рөлін ерекше атап өтті. Ғылыми зерттеулерді бағалау этикасы зерттеу мәдениетін құруға, зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми халықаралық дереккөздердегі жарияланымдарды арттыруға ықпал ететінін айтты.


Тараптар зерттеудің тұтастығын анықтау - өзектілігі мен дамуы, зерттеу этикасының принциптері, әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулерде тәуекелді түсіну және бағалау, заманауи зерттеу этикасын дамыту, ақпараттандырылған келісім, зерттеушінің міндеттері, Зерттеу этикасы комитетінің функциялары және этикалық сараптамаға өтінімді толтыру сияқты негізгі тақырыптарды талқылады.


Элейн Шарплин осы бағытта шетелде және Назарбаев Университетінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, докторанттардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті