қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
03.11.2022

Дуальды оқыту бағдарламасы бойынша студенттерді өндірістік оқыту жөніндегі конференция

 

2022 жылғы 2 қарашада NGS Жаңа буын мектебінде «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу - KAZDUAL» жобасы аясында Erasmus+ бағдарламасы және  дуальды білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді өндірістік оқыту және тәжірибе жөнінде конференция өтті.


2022-2023 оқу жылына қарай NGS мектебімен бірлесіп «В01303-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бастауыш білім беру (бакалавриат)» білім беру бағдарламасы әзірленді, онда осы мамандық бойынша дуальды оқытуды іске асыру үшін, оның ішінде тиісті кәсіби құзыреттіліктері бар бастауыш білім беру маманын даярлау үшін қажетті әртүрлі аспектілер ескерілді. Білім беру бағдарламасы NGS мектебі үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жалпы, кәсіби, жеке құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған қажетті пәндерді қамтиды.

 

Конференция барысында Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасының доценті Лариса Лебедева «Дуальды оқыту жүйесінің өндірістік оқыту және оқу тәжірибесін 1-курста ұйымдастыру» тақырыбында, кафедраның профессоры Асыл Аренова «Дуальды оқыту студенттеріне арналған «Бастауыш мектеп педагогикасы» пәнінің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға дуальді топтың 1-ші курс студенттері, сондай-ақ осы бағдарламаларды салыстырмалы талдау мақсатында әдеттегі бағдарлама бойынша оқитын 2-ші курс студенттері қатысты.


Дуальдық бағдарлама бойынша оқытудың алғашқы айлары бағдарламаның, үшжақты келісімдердің және бірлескен өндірістік оқыту жоспарларын әзірлеудің тұрақты мониторингінің маңыздылығын көрсетті. NGS Жаңа буын мектебінің директоры Ким Ирина, NGS мектебінің Білім беру және дамыту департаменті директорының орынбасары Майстренко Анастасия және Академиялық үлгерім департаментінің директоры (бастауыш мектеп) Бекмұратова Раушан оқушының алғашқы тестілеуі мен өзін-өзі таныстыруына талдау жасады. Конференция барысында оның қатысушылары оқу үдерісінің ерекшеліктерімен таныстырылып, мектеп бойынша экскурсия жүргізді.


Студенттер жаңа форматтағы мектеп туралы пікірталасқа қызығушылықпен қатысып, мектептің әртүрлі бөлімдерінің жұмыс кеңістігін зерттеді.


Пилоттық бағдарлама Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында дуальді оқытуды енгізудің алғашқы қадамдарын жасап, студенттердің мамандықты игеруге деген ынтасына оң әсерін тигізуде.

 

  alt=  

 

  alt=