қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.11.2022

Түркиядан келген профессор өткізген семинар аяқталды

 

2022 жылдың 4 қарашасында Гиресун университетінің (Түркия) қауымдастырылған профессоры, доктор Веди Ашкароглуның 10 қазан - 04 қараша аралығында «Research Methodology and Academic Writing in Literature, Translation and Pedagogy (Шет тілін оқытудағы академиялық жазылым)» тақырыбында өткізген ғылыми-практикалық семинары аяқталды. Түркия еліненен келген қауымдастырылған профессор, доктор ғылыми-практикалық семинарды оффлайн форматта өткізді.

 

Семинардың жабылу салтанатына Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бектемесов М.Ә., Филология институты директоры Таңжарықова А.В., Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Байназар Ж.О., Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н., ППҚ, докторант, магистранттар және студенттер қатысты. Іс-шараны Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н. ұйымдастырды.

 

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бектемесов М.Ә. алғысын білдіре отырып, қауымдастырылған профессоры, доктор Веди Ашкароглуна университет атынан арнайы сыйлық табыстады.

 

Түркия елінен шақыртылған профессор университет басшылығына, жалпы семинарға қатысушыларға алғысын білдіре отырып, болашақта үлкен көлемді ғылыми симпозиумдарды, халықаралық жарыстарды бірге өткізіп, ғылым жолында бірге болуды ұсынды. Салтанатты шара соңында қауымдастырылған профессор, доктор Веди Ашкароглу семинарға қатысушыларға сертификаттар табыстап, естелікке суретке түсті.

 

  alt=  

 

  alt=