қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.11.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері семестрлік оқуда Польшада


2022 жылдың 7 қарашасында Слупскідегі (Польша) Помор академиясының Неофилология кафедрасы жанындағы Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығында 2023 жылдың ақпан айының соңына дейін Польшаның ЖОО-да семестрлік оқудан өтетін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттерімен ұйымдастыру кездесуі өтті. Студенттерді орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі пани Татьяна Пудова және Абай атындағы ҚазҰПУ бакалавриаты мен магистратурасының түлегі, қазір Слупскідегі Помор Академиясының оқытушысы, PhD докторы Максим Пономаренко қарсы алды.


Студенттерімізге Слупскідегі уақыттарын табысты өткізіп, терең білім алуларына тілектеспіз!

 

  alt=