қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.11.2022

Академиялық ұтқырлық аясындағы онлайн-дәрістер

 

2022 жылдың 26 қазан мен 5 қараша аралығында Павлодар педагогикалық университетінің жоғары өнер және спорт мектебінің «6В01430/7М01421 - Музыкалық білім» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Музыкалық білім берудегі цифрлық технологиялар» және «Білім берудегі музыкалық технологияларды пайдалану теориясы мен практикасы» пәндері бойынша 30 сағат көлемінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының профессоры Лора Нәрікбаева онлайн-дәрістер өткізді.


Дәрістерде музыкалық білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың теориялық аспектілері зерттелді; «цифрлық технологиялар», «білім беру процесіндегі музыкалық технологиялары», «музыкалық-компьютерлік бағдарламалар» және т.б. ұғымдарының мәні ашылды; білім беру процесінде музыкалық-компьютерлік технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен кемшіліктері көрсетілді; заманауи цифрлық музыкалық ресурстарға сипаттама берілді; музыкалық-білім беру процесінде қолданылатын бағдарламаларының техникалық сипаттамалары талданды; бүгінгі таңда қолда бар өзекті цифрлық музыкалық білім беру ресурстарына (музыкалық платформалар, музыкалық редакторлар, музыкалық қосымшалар, музыкалық білім беру ресурстары, музыкалық секвенсорлар, музыкалық-компьютерлік бағдарламалар) салыстырмалы талдау жүргізіліп, тиімді музыкалық-оқыту мобильді қосымшаларын пайдалану мысалдары көрсетілді.


Дәріскер ашық пайдалану үшін ұсынған презентацияларда мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі музыкалық білім беру жүйесінде музыка сабақтарын, музыкалық сабақтарды өткізу үшін өзекті цифрлық білім беру ресурстарына белсенді сілтемелер жасады.


Дәрістерінің соңында студенттер мен магистранттар алғыстары мен қызығушылықтарын білдіріп, тығыз ынтымақтастықты жалғастыру, сондай-ақ музыкалық білім берудің цифрлық технологиялары саласындағы оқу материалдарына көмек көрсету туралы айтылды.

 

 

  alt=  

 

  alt=