«Жастық - үйрен!» эссе конкурсы
2022 жылдың 16-17 қараша күндері Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйыдастырумен ұйғыр тілінде білім берілетін мектептердің 9-11 сынып оқушылары және ұйғыр тілі мамандықтарында білім алатын ЖОО мен педагогикалық колледж студенттері арасында республикалық деңгейде көрнекті ақын Лутпулла Мутәллиптің 100 жылдығына орай «Жастық үйрен!» тақырыбында эссе конкурсы өткізіліп, қорытындысы шығарылды. Бұл іс-шараға Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдениет орталығы жанындағы «Білім кеңесі», №21 Гүлдала орта мектебі, Ұйғыр әдебиеті, мәдениеті орталығы (ULCC) жақыннан қолдау көрсетті.
«Жастық үйрен!» тақырыбында эссе конкурсына қатысушылардың өз ой-пікірін жазбаша және ауызша түрде еркін жеткізу қабілеті байқалды. Олардың ішінде шығармашыл, креативті, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті жоғары оқушылар мен студенттер анықталды. Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Қонқабаева өз сөзінде университетпен мектептер арасындағы байланыстың маңыздылығын айта келіп, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Әділ қазылар құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының доценті Р.У. Арзиев, аталмыш кафедраның аға оқытушылары Ш.Б. Баратова және Х.В.Масимовалар болып, оқушылар мен студенттерді әділеттікпен бағалауға атсалысты.
Конкурс нәтижесі бойынша студенттер арасында шығыс филологиясы және аударма кафедрасының «Ұйғыр тілі және әдебиет» мамандығының 2 курс студенті Курванова Сабина І орын, 3 курс студенті Босақова Гульназ ІІ жүлделі орындарға ие болды.