қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
21.11.2022

«Химия менің жүрегімде» іс-шарасы


2022 жылдың 17 қараша күні Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының аға оқытушысы Қорғанбаева Жанардың жетекшілігімен «7М01510-Химия» мамандығының 2 курс магистранттары педагогикалық практика аясында «Химия менің жүрегімде» іс-шарасын өткізді.


Іс-шараға «6В01510-Химия», «6В01512-Химия-биология» мұғалімдерін даярлау бағытында білім алатын 3 курс студенттерінен құралған «Эльдорадо», «Индикаторлар», «The best chemists» және «Easy химия» командалары қатысты. Сайысқа химия кафедрасының оқытушылары төрелік етіп, әділ бағаларын берді.


Іс-шара барысында 2 курс магистранттары химия мен музыканы байланыстыра отырып, әртүрлі интеллектуалдық және музыкалық тапсырмалар орындатты. Қатысушылар терең білімдері мен ұтқырлықтарын көрсетіп, іс-шараға белсене қатысты. Сайыс барысында тапқырлық танытып, өз білімдері мен ұтқырлықтарын көрсетіп, гран-при «Эльдорадо» командасына, 1 орын - «Easy химия», 2 орын - «Индикаторлар» және 3 орын - «The best chemists» топтары иеленіп, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=