Абай атындағы ҚазҰПУ-да халықаралық ашық онлайн-сабақтар өтті
2022 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Аркон» бастауыш институтының 4-сынып оқушылары (Ходжент, Тәжікстан) және Алматы қаласындағы № 96 жалпы білім беретін мектептің 4-оқушылары қатысқан халықаралық ашық онлайн-сабақтары өтті.
Сабақтарды ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі Сауле Исалиева және «Интердом им.Е.Д.Стасовой» халықаралық орталығы мен «Аркон» бастауыш институтының орыс тілі пәнінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Екатерина Федосенко.
Әдебиеттік оқу сабағында оқушылар «Аленький цветочек» ертегін талқылады және тапсырмаларды орындады, сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді. «Шекарасыз достық» сабағында оқушылар ана тілінде өз елі туралы өлеңдер оқыды, Тәжікстан мен Қазақстанның мәдениеті туралы әңгімеледі, қызықты әдет-ғұрыптар мен ырымды көрсетті, викторинаға қатысты ән айтты, би биледі, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнады. Қатысушылар ұлттық киімдерді көрсетіп, оның элементтері мен ою-өрнектерінің мәнін мақтанышпен түсіндірді.
Сабақты дайындау мен өткізуге № 96 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері Анжела Тян мен Любовь Сиденко, информатика мұғалімі Мөлдір Кенжекей белсенді қатысты.
Сабаққа № 96 ЖББМ директоры Райгүл Жұмағалиева, Алмалы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Әсем Нұрбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының оқытушылары қатысты.
Талқылау барысында студенттердің, мектеп мұғалімдерінің және институт оқытушыларының қатысуымен онлайн-сабақтар марафоның өткізу туралы ұсыныс айтылды.