қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.12.2022

Білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша семинар

 

2022 жылдың 1 желтоқсан күні Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша семинар өтті.

 

Семинарға химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар және шетелдік профессорлар Юлия Гавронская (Герцен атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей), Миркозимжон Нишонов (Ферғана мемлекеттік университеті, Өзбекстан) қатысты.

 

Іс-шара барысында химия кафедарсының аға оқытушысы Жанар Қорғанбаева «Химия мамандығы бойынша (бакалавриат, магистратура, докторантура) жасалған білім бағдарламаларының мазмұны» тақырыбында баяндама жасап, химия кафедрасы бойынша даярланған білім бағдарламаларының мазмұны толық таныстырылды. Профессорлар Юлия Гавронская, Миркозимжон Нишонов химия кафедрасының білім бағдарламалары бойынша сұрақтар қойып, өз бағдарламаларымен салыстыра отырып пікір алмасты. Білім алушылар мен шетелдік қонақтарды қызықтырған мәселелердің бірі - «Қос дипломдық» бағдарламалар жасау мүмкіндіктері туралы болды.

 

  alt=  

 

  alt=