қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.12.2022

«Педагогикалық идеялар форсайты» жалпыуниверситеттік қашықтық студенттер олимпиадасының аралық кезеңінің жеңімпаздары


Абай атындағы ҚазҰПУің Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы 2022 жылғы 7 қарашадан 10 желтоқсанға дейін педагогика ғылымын танымалдығын арттыру, пәнге деген қызығушылықты арттыру, ғылыми-зерттеу әрекетіне ынтасын қалыптастыру, зерттеу әрекетіне мотивацияны қалыптастыру мақсатында 1-2 курс студенттері арасында «Педагогикалық идеялар форсайты» атты жалпыуниверситеттік олимпиада өткізуде.


Олимпиада қашықтан үш кезеңде өтеді. Қазіргі кезде олимпиаданың екі кезеңі аяқталды. Оған Абай атындағы ҚазҰПУің 37 команда қатысты, 185 студент, оның ішінде қазақ тілінде оқитын - 110 студент (22 команда), орыс тілінде - 75 студент (15 команда).


1-ші тур аясында олимпиадаға қатысушылар өздерінің педагогикалық ұстанымдарын, мұғалім мамандығын таңдаудың негіздемесін және жаңа форматтағы мұғалім болуға не көмектесетінінің ассоциативті картасын көрсететін өз командаларының презентацияларын ұсынды.


1-тур қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ тілде оқитын командалар «Innovation start», командасы, 6В01502 - «МФК» мамандығының 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Жумашева С.С.), «Shyraq» командасы, «Тарих-география», «Тарих-құқық» мамандықтарының 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Саудабаева Г.С.), «Жалын» командасы 6B01513 «Биология» мамандығының 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Курсабаев М.К.)


Орыс тілінде оқитын командалар:

«LAKIA» командасы, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.к., профессор Колумбаева Ш.Ж.), «Грамотеи» командасы, «РКО» мамандығының 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.к. Танатова А.Д.), «Доспехи», «Успех» командалары, «РКО» мамандығын 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.к.Танатова А.Д.).


Екінші тур аясында олимпиадаға қатысушылар «Альфа ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға деген біздің көзқарасымыз және неге бұл балаларды біз оқытуымыз керек» тақырыбында эссе жазу түрінде шығармашылық жұмыстарын ұсынды.


Екінші тур қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ тілді командалар арасында: «Жордано-Гаусс» командасы, 3-курс, МЕК-201, МЕК-202 (ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Саудабаева Г.С.), «Сұңқар» командасы, 2 курс, Шет тілі:екі шет тілі (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Акпарова Ж.М.), «Innovation start», командасы, 6В01502 - «МФК» мамандығының 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Жумашева С.С.), «Бірлік» командасы, 6В01513-биология 4-топ 2-курс (ғылыми жетекші: Курсабаев М.К., п.ғ.к., доцент), «Құзыретті педагогтер» командасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Ибраимова Ж.К.).


Орыс тілінде оқитын командалардан: «Успех» командасы, «РКО» мамандығын 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.к. Танатова А.Д.), «ЛАКИЯ» командасы, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттері (ғылыми жетекші: п.ғ.к., профессор Колумбаева Ш.Ж.), «Специи из ПиПа» командасы, 2 курс студенттері, «Логопедия» (ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Жампеисова К.К.).


Олимпиаданың I және II турының жеңімпаздарын құттықтаймыз! III турда сәттілік тілейміз! Оның нәтижелері мен Олимпиада қорытындысы Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін орналастырылады.

 

  alt=