қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.12.2022

«Күлімде, біз біргеміз!» анимациялық терапия


2022 жылғы 7 желтоқсанда "Мейірім" клубының аниматорлық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г. К. Ширинбаеваның жетекшілігімен " 6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану " мамандығының 3-курс ерікті студенттері И. Молдрахым, Ж. Жұмаәділ, Ж. Төлепберген, Ж.Култаева, Г.Төлеген, Э.Серик Алматы қаласындағы "ЕРЗИ" әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шағын тобында «Күлімде, біз біргеміз!» атты анимациялық терапия өткізді.


Шағын топтағы психологиялық климатты оңтайландыру мақсатында студенттер "Жағымды күйге келу (Жарыққа шоғырлану)"; Қозғалыстағы Ойындар; "Бір тізбекпен байланған" жаттығуы; "Менің күлімсіреуім, сен қайдасың" жаттығуы; "Жұлдызды сәт" жаттығуы; топтық ән айту жаттығулары кешенін пайдаланды.


Қолданылған жаттығулар кешені мекемедегі мүгедектерді оңалтудың күрделі жұмыстарынан кейін демалуына ықпал етті. Соңында "Рефлексивті шеңбер" жаттығуы өткізілді, онда барлығы сабақ барысында туындаған әсерлерімен, эмоцияларымен бөлісті. Бұл анимациялық іс-әрекет ерікті - студенттерге бір мезгілде тәжірибе алуға және шағын топтардағы мүгедектермен жұмыс істеуге, анимациялық бағытты ілгерілетуге және кәсіби салада өзін жүзеге асыруға, құзыреттіліктің әлеуметтік-педагогикалық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=