қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
10.12.2022

Түркияда магистранттар тағылымдамадан өтті

 


 

29 қараша мен 9 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Стамбул Гедик университетінің (Түркия) базасында жүзеге асырылған магистранттардың шетелдік тағылымдамасын ұйымдастырды. Магистранттар сабақтармен қатар сабақтан тыс конференциялар мен семинарларға қатысып, ой өрістерін кеңейтті.

 

Стамбул Гедик университетінің профессорларымен өткізілген сабақтарда магистрлік диссертациялардың тақырыптары талқыланып, магистрлік зерттеулердің өзектілігі мен практикалық маңыздылығы атап өтілді.

 

Ғылыми тағылымдамадан өту нәтижесінде терең және жан-жақты зерттеу жүргізілді. Диссертациялық зерттеу тақырыбына ғылыми мақала дайындалды. Бұл тағылымдама зерттеу жұмысының жаңа перспективаларын көруге, зерттелетін мәселеге терең талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оны шешу үшін жаңа идеялар ұсынуға және оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті.

 

Ғылыми тағылымдама аясында магистранттарға университеттің кәсіби мамандарының сабақтарына қатысу, магистрлік диссертация және ғылыми мақала дайындау бойынша жетекші ғалымдардан кеңес алу мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ, электрондық ресурстар, меншікті ақпараттық және мультимедиялық ресурстарға және т. б. қолжетімділік берілді.

 

Барлық магистранттарға ғылыми-зерттеу тағылымдамасының нәтижелері бойынша университеттің Гедик сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді.

 

 

10.12.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com