қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.12.2022

Стамбул университетіндегі Абай университеті магистранттарының шетелдік тағылымдамасы


2022 жылғы 12-21 желтоқсан аралығында Халықаралық ынтымақтастық департаменті Стамбул университетінің (Түркия) базасында жүзеге асырылған магистранттардың шетелдік тағылымдамасын ұйымдастырды.

 

Стамбул университеті Түркияның ең үлкен және беделді жоғары оқу орны болып табылады, ол Еуропалық университет қауымдастығына (EUA) және Coimbra Group құрамына кіреді.


Ғылыми тағылымдаманың мақсаты зерттелетін саладағы озық шетелдік тәжірибені игеру, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын игеру және бекіту. Сондай-ақ оқытылатын бағдарлама бойынша кәсіби біліктілікті арттыру болып табылады.


Шетелдік тағылымдаманың міндетіне магистрлік диссертацияның құрылымы,мазмұны және ғылыми мақала жазу бойынша шетелдік профессорлармен кеңесу, Стамбул университетінің жетекші лекторларының дәрістеріне қатысу, профессор-оқытушылар ұжымымен тәжірибе алмасу және т. б. сияқты жұмыстар кірді. Магистранттардың шетелдік тағылымдама бағдарламасы толық көлемде игерілді. Тағылымдама аяқталғаннан кейін барлық магистранттарға сертификат берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=