қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.12.2022

«Балалардың жүрегін жылытайық» қайырымдылық акциясы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай 2022 жылдың 20 желтоқсанында «Психологиялық қызмет» секторы «Еркеле» қоғамдық қорының ерекше қажеттіліктері бар 40 балаға «Балалардың жүрегін жылытайық» қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық шарасы аясында әр балаға жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.


Осы жаңа жыл қарсаңындағы қайырымдылық шараның басты мақсаты балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.Қайырымдылық акциясына атсалысып, балаларға мерекені сезінуге барлық мүмкіндік берген барша жанашыр жандарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

 

  alt=  

 

  alt=