қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.02.2012

Тарих факультетінде «Әлемді алаңдатқан экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің өрбу себептері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

Бүгінгі таңда қоғамда экстремизм, терроризм сынды құбылыстардың етек алуы, сондай-ақ, жаңа өмір салтымен қоғамға аяқ басқан жаңа қауіп-қатерлердің алдын-алу мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі - Смайл Сейтбек, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының дін маманы - Алтынбек Ұтысхан, Алматы қаласы Діни Істер Департаменті жетекші маманы - Шаймерден Ерсайын, Райымбек батыр мешітінің бас имамы - Нұржан Сірәліұлы, Тәрбие істері, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы - Қ.М. Омаровтардың қатысуымен «Әлемді алаңдатқан экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің өрбу себептері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының өкілдері әлемді алаңдатқан экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің өрбу себептері және бұл құбылысқа қарсы тұрудың жолдары мен мүмкіндіктері туралы салиқалы әңгімелерін ортаға салды.

Тәуелсіздікке ие болған Қазақстанда ождан еркіндігіне қолайлы алғышарттар жасалғандығы атап көрсетілді. Мұны пайдаланған қаржылы да айлалы кертартпа мәндегі рухани ілімдерді таратушы жат ұйымдар елімізде сайран салып, халықтың бірқатарын өз ағымдарына тартты, әлі де белсенді қызмет етіп жатыр. Осыған орай, қазір және келешекте де қазақ ұлтының отбасы әралуан діндерге бөлініп, елдің тұтастығына қауіп төндірмес үшін еліміздегі діни-рухани ахуал әркімді, әрбір азаматты ойландырып, толғандыратындығы дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы болды.

Кездесу соңында қонақтар профессор-оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.