қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.01.2023

Педагогикалық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру


2023 жылдың 17 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында «Педагогика ғылымдары» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Пленарлық және қатар секциялық мәжілістер түрінде жүргізілген іс-шараға ректор Дархан Біләлов, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және педагогикалық бағыттағы кадрлар даярлауды жүзеге асыратын еліміздің елу жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.


Дархан Біләлов өз сөзінде салалық министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шараның маңыздылығына тоқталып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер еліміздің білім беру саласын дамытуда және педагог кадрларды даярлауда жоғары рөл атқаратынын атап өтті. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша педагогикалық міндеттер жүйелі жұмысты талап етеді. Жоғары оқу орындарына білім беру сапасын арттыру және педагогикалық әлеуетті нығайту бойынша жауапты міндеттер жүктелді. Білім берудегі инновациялар, мазмұнды жаңарту және болашақ кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру - уақыт талабы», - деді.


Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Бану Нарбекова 2022-2026 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асырудағы РОӘК ОӘБ рөлі, білім беру сапасын арттырудың негізгі индикаторлары, Тұжырымдаманың бағыты, орта білім берудің мазмұны, тәрбие жұмысы арқылы құндылықтар жүйесін қалыптастыру туралы кеңінен тоқталды.


Пленарлық мәжілісте ҚР білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша педагогикалық бағыттағы ОӘБ міндеттері, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сараптау ерекшеліктері, ұлттық біліктілік тестілеуіндегі өзгерістер мен инновациялар (ҰБТ) қаралды, ұсынымдар берілді.


Параллельді секциялық мәжіліс модераторлары ҚР ҒЖБМ жоғары білім беруді дамыту Ұлттық орталығының директоры Айдос Мұқатаев, ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту Ұлттық орталығы жоғары білім беру мазмұнын басқару офисінің басшысы Әмина Мұхамбетова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлжан Жарасова Білім беру бағдарламалары тізілімінің, «ҚР педагогикалық әлеуетті күшейту» әлемдік банк жобасы аясында әзірленген 30 жаңа білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу алгоритмі, Ұлттық біліктілік тестілеу (ҰБТ) және Нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) өзекті мәселелерін мәжіліс қатысушыларымен бірігіп қызу талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


Қоғаммен байланыс департаменті