Главная
Новости
25.04.2017 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ОҚО « Кәсіби бағдар беру» форумы 17.04. - 22.04.2017жыл
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Топ жетекшісі аға оқытушы Е.Бірталаев басқарған топ мүшелері: Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жангушов Бауыржан, Филология және көптілді білім беру институтының доценті Е.Молдасанов, Абай атындағы «Кәсіби бағдар беру» форумының мүшесі,Баспасөз орталығы,фотокореспондент С.Иманқұлов, Алматы қаласынан 1000 шақырымдай жерде орналасқан, ОҚО-на үлкен қашықтыққа қарамай, болашақ тағдырын ойлаған Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының тапсырмасымен университтет ұсаздары мектеп бітіруші түлектерге « Кәсіби бағдар беру» үшін 17.04. - 22.04.2017жыл аралығында ОҚО-да жолсапарда болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың « Кәсіби бағдар беру» форумы:
17.04.2017 жылы Ордабасы ауданы Темірлан кентінде 14:00-де, 18.04.2017 жылы Арыс ауданы , Арыс қаласында14:00-де ,
19.04.2017 жылы Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында14:00-де. 20.04.2017 жылы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт кентінде14:00-де,
21.04.2017 жылыСайрам ауданы, Ақсу кентінде14:00-де, 22.04.2017 жылы Түлкібас ауданы , Т.Рысқұлов кентінде 14:00-де, болып, 3400-дей мектеп бітушілерімен және олардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. ОҚО жұртты форум мүшелерін жақсы қарсы алып, ұйымдастыру жұмыстарында белсенділік танытты.
Бүгінгі таңда білім саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Оның мән-жайын талқылап түсіндіру әрі Елбасы Жолдауында міндеттелген бірқатар мәселені саралап, нақтылау мақсатында өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби құзыретті маман болуына жағдай жасау қазіргі күннің өзекті мәселесі. Соңғы кездерде мектеп түлектері арасында педагогикалық, инженерлік-техникалық, қызмет көрсететін жұмысшы мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Осы мақсатта , Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2015 жылдан бері « Кәсіби бағдар беру» форумы құрылған болатын. Жас ұрпақтың дұрыс мамандық таңдап, болашақ өмірлеріне дұрыс таңдау жасау барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, академик С.Ж.Піралиевтің арнайы тапсырмасымен талантты жастарды іздеу мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлы басқаруымен 2015 жылы құрылған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Кәсіби бағдар беру форумы» өз жемісін беріп те үлгерді.
|