Главная
Новости
25.04.2017 2017 жылдың 25 сәуір күні Жаратылыстану және география институтының жылдық жоспарына сәйкес 224 дәрісханасында «Химия » мамандығында оқитын 3 курс студенттері мен студенттік өзін - өзі басқару кеңесі бірлесе отырып және химия кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Жақсыбаева Жанар Мұратқызының жетекшілік етіп, ұйымдастыруымен « Элементтер патшалығы » атты сиқырлы ертегілер әлемі сипатында естен кетпес керемет кеш өтті. Кеш шымылдығын институт директоры Каймулдинова Күләш Дүйсенбаевна ашып берді. Алғы сөзден кейін университетіміздің « Апорт » аталған жайдарман құрамасы өз орынды әзілдерімен, қағытпа қалжындарымен, тұжырымды ойларымен мерекелік кешке келген қонақтарды қуанышқа, күлкіге бөледі. Содан соң 3 курс химия мамандығының студенттерінің арнайы ұйымдастырған көрінісі қойылды . Көрініс бойынша «хан» мен «ханшайым» болыпты. Олардың бірнеше қыздары болып, ең кенже ерке қызы Хлорита есімді ханшайым аталыпты. Хан осы көрікті де ақылды қызына сенімді серігі болар жар іздейді. Сөйтіп «Кальций» елінен келген сері жігіт те, «Сутегі» елінен келген ханзада да қанша жұмбақ, тапсырма, химиялық реакцияларды орындағанмен ешқайсысы көңілінен шықпайды. Ең соңында «Натрий» елінен келген ханзада Хлорита ханшайымның көңілінен шығып, екеуі баянды ғұмыр кешіпті. Хан « Натрий » елінен келген ханзадаға Хлорита есімді қызын беріп, бар байлығын сыйға тартыпты. Көрініс шат - шадыман, баянды бақытқа бөленген «Элементтер патшалығы » болып өз мәресіне жетеді. Кеш соңында 3 курс химия мамандығының студенттерімен кешке қатысқан студенттердің әсем әнімен аяқталды. Кеш соңында қорытынды сөзді химия кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Жақсыбаева Жанар Мұратқызы түйіндеді.
|