қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.02.2023

Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 9 отырысы

 

2023 жылдың ақпан айының басында Лондон қаласында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 9 отырысы өтті. Отырыста білім беру, сауда, экономика, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, энергетика және т. б. салалардағы өзара ынтымақтастық мәселелері қозғалды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ атынан аталған іс-шараға Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жадыра Байназар қатысты

 

Іс-шара барысында Abai University мен University of Central Lancashire арасында бірлескен келісімге қол қойылды. Келісім аясында екі университет ғылыми тағылымдамалар өткізуді және студенттермен алмасу бағдарламаларын дамытуды жоспарлап отыр.

 

Сонымен қатар, Лондонға сапар барысында Times Higher Education әлемдік рейтингінде 200 - ші орында тұрған University of Reading басшылығымен екіжақты кездесулері өтіп, екі университет арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

 

Сондай-ақ, Лондондағы Queen Mary университетімен әріптестікті нығайту мақсатында келіссөздер жүргізіліп, білім беру және кәсіби мамандарды даярлау саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

 

Қазіргі таңда Abai University университет оқытушылары мен профессорларын «500 ғалым» жобасы бойынша Лондондағы Queen Mary университетіне ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберуді жоспарлап отыр.

 

  alt=  

 

  alt=