Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша семинар
2023 жылдың 8 ақпанында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Дидар Мамырбаев мен Түсіпхан Имаммәди «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Алматы қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту» семинарына қатысты.
Семинар барысында Алматы қаласы Діни істер басқармасының басшылары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы дайындық орталығының спикерлері және еліміздің белгілі қайраткерлері аталған іс-шараға байланысты маңызды ақпараттармен бөлісіп, жастарды жалпы халықпен жұмыс істеу әдістеріне, түрлі секталар мен ағымдардың адептерімен жұмыс істеу тәсілдерін үйретті. Еліміздің тыныштығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған семинар жоғары деңгейде өтті.