Главная /
СМИ о нас
13.02.2023 Қазақстандық ғалымдар өнімділікті болжаудың жаңа әдісін әзірлеуде
Жоба аясында ғалымдар Отырар ауданының жүгері егістіктеріндегі топырақтардың тұздануы уақыттық (мезгілдік) және кеңістіктік тұрғыдан құбылатынын анықтап, бұл құбылыстың мезгілдік және кеңістіктік динамикасын жасап, зерттеу нысанындағы топырақтардың тұздану заңдылықтарын анықтаған. Сонымен қатар жүгері егістіктеріндегі топырақтардың тұздануын далалық зерттеу және ғарыштық әдістерді қолдана отырып зерттеу және жерді қашықтан зерделеу мәліметтерін негізге ала отырып, тұздану картасын құрастырудың алгоритмдерін дайындаған.
Қазіргі таңда зерттеу тобы екі жылдық зерттеу нәтижесінде жүгері дақылының өнімділігін болжаудың жаңа әдісін әзірлеп, оны сынақтан өткізу мәселесімен айналысуда. «Жоба нәтижесінде әзірленетін әдісті қолдану арқылы басқа да суармалы жағдайдағы жерлерде жүгері өсірген жағдайда, қанша өнім беретінін болжауға болады. Бұл әдіс тек жүгерінің өнімділігін ғана емес, басқа дақылдардың өнімділігін болжауға септігін тигізе алады. Осылайша, өнімділік әлеуеті жоғары жерлерді анықтап, суармалы егістік көлемін ұлғайту және ауылшаруашылық өндірісті арттыру сияқты жұмыстарға оң әсер ететіні күтілуде.
09.02.2023 ж. Ақпарат көзі: turkystan.kz |