қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.02.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру: мүмкіндіктері мен басымдықтары


Бүгін Абай атындағы ҚазҰПУ басшылық құрамы үшін өңірлік директор С.В.Христолюбовтың, басқарма төрағасы-ректор Д.Н.Биляловтың қатысуымен QS халықаралық рейтингінде Abai University-дің ағымдағы жағдайын, мүмкіндіктері мен басымдықтықтарын талдауға арналған онлайн-семинар өтті.


Семинарды аша отырып, Д.Н.Билялов бүгінгі таңда Abai University QS жаһандық рейтингінде #511-520 позициясында екенін айта отырып, одан әрі ілгерілеудің маңыздылығына басымдық беріп, ұжымның алдына университеттің әлемдік топ-500 университет қатарына кіру міндетін қойды. Бұл ретте ол QS университеттерінің жаһандық рейтингінде ілгерілету басты стратегиялық басымдық болып табылатынына және жоғары білім беруді дамытудың ұлттық жоспарына енгізілгеніне назар аударды.


Семинар барысында С.В.Христолюбов университеттің QS рейтингіндегі позициясының толық бейнесін ұсынып, ақпараттандырылған басқару шешімдерін қабылдау үшін кең ауқымды мәселелер бойынша деректер көлемі маңызды екенін атап өтті. Биыл алғаш рет Абай атындағы ҚазҰПУ Азия өңірлік рейтингіне қатысып, 147-ші орынды иеленді. Азияны макроөңір ретінде Қытайда 128, Үндістанда 118, Жапонияда 106, Оңтүстік Кореяда 88, Пәкістанда 50, Қазақстанда 32 университет ұсынады. Азия рейтингін талдау кезінде спикер жоғары білімге қол жеткізудің маңыздылығын атап өтіп, университеттер саны мен халық санын салыстырып, Үнді технологиялар институтына (IITs) конкурс 1-орынға 40 мың адамды құрайтыны, яғни мамандандырылған саладағы жоғарғы оқу орындарының жоғары рейтингі жас таланттарды іріктеуге мүмкіндік беретіні жөнінде қызықты фактіні келтірді. Жүйелі ілгерілеу үшін көрсеткіштерді салыстыру, олқылықтарды анықтау және өсу нүктелерін табу маңызды екенін атап өтті.


Жаңартылған QS әдістемесіне сәйкес QS WUR-2024 негізгі көрсеткіштері және талдаудағы пайыздық көрсеткіші төмендегідей:
- Академиялық бедел - 30%;
- Жұмыс берушілер арасындағы бедел -15%;
- Түлектердің жетістіктері - 5%;
- Бір басылымға шаққандағы дәйексөздердің саны - 20%;
- Оқытушы мен студенттер санының арақатынасы - 10%;
- Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтар индексі - 5%;
- Тұрақты даму - 5%;
- Шетелдік оқытушылардың үлесі - 5%;
- Шетелдік студенттердің үлесі - 5%.


9 көрсеткіштің үшеуі жаңа болып табылады - халықаралық ғылыми ынтымақтастық, SDG және түлектердің жетістіктері индекстері. Тиісінше, біріншісі бөлшек ретінде есептеледі, мұнда серіктес университеттермен бірлескен басылымдар саны, бөлгіш - елдер саны, неғұрлым көп елдер болса, соғұрлым ынтымақтастық индексі жақсырақ болады. Бүгінде жаһандық рейтингтің жаңа циклі аясында академиялық сарапшылар мен жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізу кезеңі өтуде, ол жалпы алғанда 45% құрайды. Бір басылымға дәйексөздер санын анықтау үшін сәуір айында Scopus деректер базасынан көрсеткіштер жүктеліп алынады. Соңғы бір-екі жылда Қазақстан ғалымдарының 1-2 квартильдік журналдардағы жарияланымдық белсенділігі 58% - ға дейін өсті.


Семинар соңында стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.Т.Құлсариева университетіміздің QS-пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін және QS жетекші рейтингінде Тұрақты позициялау үшін бүкіл ұжымның күш-жігерін шоғырландыру қажеттігін атап өтті.

 

  alt=  

 


Стратегия департаменті