Главная /
Объявления
15.05.2020 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 2020/2021 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ бойынша - 35 орын
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы - 5
Әлем тарихы кафедрасы - 10
Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы - 9
Құқықтану кафедрасы - 11
* - ҚазҰПУ берілген атағы
ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ бойынша - 66 орын Дизайн кафедрасы - 15
Көркем білім беру кафедрасы - 11
Музыкалық білім және хореография кафедрасы - 10
Бастапқы әскери дайындық кафедрасы - 6
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы - 24
* - ҚазҰПУ берілген атағы
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ бойынша - 75 орын
С.С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы - 28
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы - 18
Шетел тілдері кафедрасы - 15
Шығыс филологиясы және аударма ісі кафедрасы - 14
* - ҚазҰПУ берілген атағы
Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультеті - 7 Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасы - 7
* - ҚазҰПУ берілген атағы
Институттар бойынша бос орын саны - 183
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, «профессор» ғылыми атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Доцент лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, (магистр академиялық) дәрежесінің, ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Аға оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
Оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады: ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы: 1) жеке өтініші; 2) ғылыми еңбектерінің соңғы бес жылғы тізімі; 3) кафедра отырысының шешімі; 4) шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 5) соңғы бес жылда өткен біліктілікті жоғарылату туралы сертификат; 6) ашық сабақ қортындысы және үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 30 слайдтан артық емес). үміткерлер Конкурсқа қатысуға сыртан келген үміткер тұлғаларға қажетті құжаттар тізімі: 1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларымен); 5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі; 6) шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 7) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда); 8) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 5 жыл бойынша); 9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама; 10) басқа мекемеден келген тұлғалар үшін соңғы жұмыс орнынан мінездеме; 11) үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 30 слайдтан артық емес).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылғы маусымның 15-не дейін (қоса алғанда).
Құжаттар электронды нұсқада қабылданады: o_k_28@bk.ru
Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29
Құжаттардың түпнұсқасын конкурс болатын күні алып келу қажет.
|