қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.02.2023

Жазушы Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған шығармашылық кездесу

 

2023 жылдың 23 ақпанында Жаратылыстану және география институтының География және экология кафедрасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылға арналған күнтізбелік жоспарында бекітілген тәрбиелік іс-шаралар сәйкес Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза еске алуға арналған «Ақиқаттың алдаспаны» тақырыбында шығармашылық кездесу өткізді.

 

Кездесуге Шерхан Мұртазаның көзін көріп, тәрбиесін алған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қали Сәрсенбай мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, әнші-композитор Мырзахан Ахметов шақырылды.

 

Кездесу барысында қонақтар Шерхан Мұртазаның еліміздің өркендеп, дамуы жолындағы қоғамдық және шығармашылық қызметі туралы тартымды естеліктер айтып, студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.

 

Әнші-композитор Мырзахан Ахметовтің Шерхан Мұртазаға арнаған «Шер-аға» әні көпшілік көңілінен шықты. Студенттер Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы желісімен дайындаған шағын қойылым көрсетті.

 

  alt=