Главная
Новости
27.02.2023 Мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту мақсатында меморандумға қол қойылды
2023 жылғы 24 ақпанда Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім жүйесінің қазіргі дамуы: негізгі трендтері мен проблемалары» тақырыбында республикалық форум өтті.
Форумның мақсаты - мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзгерістерді талқылау, жаңа бағыттарды айқындау және мектепке дейінгі білім сапасын бағалау, оның қазақстандық шкалалары (ECERS-3), мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны бойынша мониторинг жүргізудің әдіс-тәсілдері, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі ұлттық құндылықтар және т.б. Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазҰПУ мен «Bilim Invest» қорының Ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығымен (қауымдастық вице-президенті Батырбекова Г.У.) меморандумға қол қойылды. Форум тақырыбы төңірегінде мектепке дейінгі білім беру саласының белді мамандары мен ғалымдары шақырылып, жан-жақты талдаулар мен талқылаулар болып, пікірлер алмасты.
Форум спикерлері - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Адамова М.Е.; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Жиенбаева С.Н.; Қ,Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.д. Төребаева К.Ж.; М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті Керімбекова Р.К.; Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы Темірханова Қ.Ш.; Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының Мектепке дейінгі және бастауыш білім бөлмінің басшысы Тумаева Р.К.; «Ақдидар» балабақшасының (Қонаев қаласы) меңгерушісі Сасенова Н.А.; 8D01201-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанты М.Изат. Спикерлер тарапынан мазмұнды да тартымды баяндамалар жасалып, жан-жақты талқылау болды.
Республикалық форумға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасының барлық білім алушылар (студенттер, магистранттар, докторанттар) қатысты.
|