қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
02.03.2023

ҚазҰПУ-дың ұйымдастыруымен «Dance Fest» қалалық би байқауы өтті

 


 

28 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойына орай, Жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Dance Fest» қалалық би байқауы өтті.

 

Байқау Алматы қаласының ЖОО студенттерінің арасында ұйымдастырылды. Университеттерден Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ХАТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, АУЭС, Азаматтық авиация академиясы және ҚазҰАУ белсене қатысып, өз бақтарын сынады.

«Dance Fest» қалалық би байқауының негізгі мақсаты жастардың шығармашылық қабілеттерін шындау және көшбасшылық қабілеттерін арттыру болып табылады. Байқауда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов, «Қызықтаймс», «Гакку», «Жыл таңдауы» сынды телевизиялық жобалардың хореграфиясын қойған, Иньянь би тобының қоюшы хореографы Айдарова Анеля, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Алтынай» Ансамбльінің көркемдік жетекшісі Ағиярұлы Бекзат, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры Құмаржанов Алмат сынды тұлғалар қатысушы командаларға өзінің әділ бағасын берді.

 

Байқау қорытындысы бойынша «Көрермен көзайымы» номинациясын «SHADOWS», 3-ші орынды «ADC», 2-ші орынды «EastLine», 1-ші орынды «Шекер» би тобы иеленді. Бұл сайыстың ерекшелігі, шара барысында университеттің жаңашылдығы «Абай арланы» қалың көпшілікке таныстырылды. 95 жылдық мерейтойға орай «Абай арланы» жаңашылдық, жаңа бір леп болды. Университет қабырғасындағы алғашқы, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған «Dance Fest» қалалық би байқауы жыл сайынғы дәстүрлі байқау ретінде жалғасын таппақ.

 

02.03.2023 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz