![](https://abaiuniversity.edu.kz/docs/korisu.jpg)
Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар!
Бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мейрамы - Көрісу күні құтты болсын!
Көрісу - ағайын мен туыс арасындағы байланысты нығайтатын тамаша дәстүр. Қазақстандықтардың өміріне жақында ғана енген жаңа мереке алысты жақындатып, өкпені кешіруге, татулықты арттыруға, бауырлас қарым-қатынасты орнатуға шақырады.
Береке мен бірліктің күні баршаңызға амандық, дастархандарыңызға молшылық және әр шаңыраққа құт-береке тілеймін. Бұл мереке елімізге және оның барлық азаматына өркендеу әкелсін. Көрісу күні құтты болсын!
Құрметпен, Дархан Біләлов