Главная /
Объявления
08.06.2020 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2020/2021 оқу жылына оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды Жаратылыстану және география институты 20 орын
Химия кафедрасы - 3
Биология кафедрасы - 11
География, экология және туризм кафедрасы - 6
Тарих және құқық институты 26 орын Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы - 4
Әлем тарихы кафедрасы - 5
Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы - 7
Құқықтану кафедрасы - 10
Педагогика және психология институты 34 орын Арнайы білім беру кафедрасы - 9
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы - 4
Педагогика және психология - 5
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы - 6
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы - 6
Педагогика кафедрасы - 4
Өнер, мәдениет және спорт институты 33 орын Дизайн кафедрасы - 8
Көркем білім кафедрасы - 5
Музыкалық білім және хореография кафедрасы -4
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы - 12
Бастапқы әскери дайындық кафедрасы - 4
Математика, физика және информатика институты 22 орын Физика кафедрасы-4
Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы - 4
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы -14
Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультеті - 2 орын
Шетел азаматтарына арналған филологиялықпәндер кафедрасы
Филология және көптілді білім беру инcтитуты 35 орын
С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы -7
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы - 7
Шығыс филологиясы және аударма ісі кафедрасы - 5
Шетел тілдері кафедрасы - 16
* - ҚазҰПУ берілген атағы
Институттар бойынша бос орын саны - 172
Байқауға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, «профессор» ғылыми атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс. Доцент лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, (магистр академиялық) дәрежесінің, ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс. Аға оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс. Оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы тиіс.
Байқауға қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады: ҚазҰПУ-нің ПОҚ: 1) жеке өтініші; 2) ғылыми еңбектерінің соңғы бес жылғы тізімі; 3) кафедра отырысының шешімі; 4) шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 5) соңғы бес жылда өткен біліктілікті жоғарылату туралы сертификат; 6) ашық сабақ қортындысы және үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 30 слайдтан артық емес). үміткерлер
Байқауға қатысуға сыртан келген үміткер тұлғаларға қажетті құжаттар тізімі: 1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларымен); 5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі; 6) шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 7) соңғы 5 жылда өткен біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (бар болған жағдайда); 8) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 5 жыл бойынша); 9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама; 10) басқа мекемеден келген тұлғалар үшін соңғы жұмыс орнынан мінездеме; 11) үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 30 слайдтан артық емес).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2020 жылғы шілденің 05-не дейін (қоса алғанда).
Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қ, Достык даңғылы, 13
Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29
|