Главная
Новости
03.04.2023 Абай университетінде «Білім берудегі бағалау» ғылыми пікірталас өткізілді
2023 жылғы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Білім берудегі бағалау» тақырыбында ғылыми пікірталас өтті.
Ғылыми іс-шара «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясында өтті, ұйымдастырушылар - Абай университеті Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы және Тестілеу орталығы (Кошербаева А.Н., Исалиева С.Т., Исабаева Д.Н.), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы (Есингельдинов Б.Т.), Eurasian Scientific and Methodological Journal «East-West».
Ғылыми пікірталасқа Астана, Алматы, Өскемен, Тараз, Қостанай, Ақтөбе, Көкшетау, Аягоз, Қызылорда, Қарағанды, Шымкент ққ., сондай-ақ Джакарта мемлекеттік университеті (Индонезия), Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті және Khazar University (Әзірбайжан), НИУ ВШЭ және т.б. өкілдері қатысты.
Талқыланған мәселелердің өзектілігі, спикерлердің кәсіби құрамы мен аудитория назары студенттердің жетістіктерін бағалау, мұғалімдерді дайындау, тұлғаның өзіндік санасын қалыптастыру, біліктілігін арттыру және т.б. салаларда, интерактивті пікір алмасуға ықпал етті.
Талқылау нәтижелерін қорытындылай келе, одан әрі зерделеу мен талқылаудың негізгі бағыттары қалыптастырылды.
|