қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.04.2023

Оқулықтың тұсаукесері


2023 жылғы 3 сәуірде Ғылым онкүндігі-2023 онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институтында ҚР БҒМ РОӘК «Білім беру» тобының ұсынысымен қазақ тілінде жарық көрген - «Географияны оқыту әдістемесі» оқулығының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге оқулықтың авторлары география және экология кафедрасының жетекші әдіскері аға оқытушы А. У. Абулгазиев және профессор Б. Ш. Абдиманапов қатысты. Оқулық І.Жансүгіров атындағы ЖМУ доценті Е. А. Тоқпанов және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті А. М. Сергеевалармен бірлесіп жазылған.


Авторлар институттың профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын оқулықтың тұжырымдамалық негізімен, құрылымдық ерекшелігі және мазмұнымен таныстырды. Қазіргі жылдам және өзгермелі қоғаммен бірге білім беру жүйесіндегіде күрделі өзгерістер оқытудың негізгі құралы болып саналатын оқулыққа деген талаптың күшейтілгенін атап өтті. Осыған орай оқулықтың құрылымы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес білім бакалаврлары мен магистрлерін даярлауға бағытталған.

 

  alt=     alt=