Главная
Новости
06.04.2023 БҰҰ саммитінен бастап ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының отырысына дейін
2022 жылғы қыркүйекте болған БҰҰ саммиті ЮНЕСКО-ның тұрақты даму мүддесіндегі білім беру саласындағы (басқаша айтқанда ТДББ) жұмысына серпіліс беріп, оны күшейте түсті. 2023 жылғы қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Педагогика және мұғалімдерді даярлау жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы жоғары білім беру жүйесін трансформациялау мәселелеріне арналған халықаралық вебинар өткізді (бұл туралы «Білімді ел» газетінде жеке мақала жарық көрді: https://bilimdinews.kz/?p=227498). Наурыз айында (2023 жылғы 3-10 наурыз) Педагогика және мұғалімдерді даярлау жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының институттардың басшылығымен және профессорлар-оқытушылар құрамымен кездесулері өтті, онда тұрақты даму мүддесіндегі білім беру саласын трансформациялау мәселелері талқыланды. Жаһандық білім берудегі оқиғаларды түсіну үшін кездесулерге қатысқан институттар БҰҰ және ЮНЕСКО бағыты бойынша аса маңызды білім беру іс-шараларымен танысты. Төменде олардың бірнешеуі ұсынылған:
2023 жылғы 3-4 сәуірде Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының Ұлттық Федерациясы ұйымдастырған «Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу» тақырыбында тұрақты даму мүддесіндегі білім беру туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі халықаралық семинар өтті. Аталған іс-шараның нәтижесіне жеке жарияланым арналатын болады.
2023 жылғы 4 сәуірде тағы екі маңызды іс-шара өтті: 1) ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Орта мерзімді стратегиясын іске асыруды бағалау бойынша тақырыптық отырысы және 2) Орталық Азиядағы қосалқы ESD-net 2030 субөңірлік жиналысы (онлайн). Субөңірлік жиналыс матеиалдарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://drive.google.com/drive/folders/1-vY6I06c5KLM8XXs4Rsp-MzQcqk7hGZX?usp=share_link.
ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е. Кариннің ЮНЕСКО ұйымдары, мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдарының өкілдеріне айтқан маңызды ескертпелерінің бірі - дұрыс басымдықтарды қою қажеттілігі болды. Яғни анықтамалар, рейтингтер, есептер және табысты жұмысты көрсетудің басқа да әдістері - басты мақсат емес. Мақсат - нәтиженің өзіне қол жеткізу. Егер мәселе Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерін сақтау туралы болса, онда тізімге ену - ол мақсат емес. Мақсат - мәдениет ескерткіштерін қайта құру арқылы оларды сақтау, күту талаптарын орындау, жас ұрпақты оқыту.
Басымдықтар туралы ойды жалғастыратын болсақ, онда тұрақты даму үшін білім беру сапасы есептер және грамоталармен емес, тәрбиеленушілердің ойлау сапасымен және іс-әрекеттерімен, олар қабылдайтын шешімдермен өлшенеді.
ТДМ мүдделері үшін білім беруді трансформациялау идеяларын тереңірек түсіну үшін директор Собхи Тавильдің және ЮНЕСКО бөлімінің оқыту және инновациялардың болашағы мәселелері жөніндегі қауымдастырылған сарапшысы Шарлен Камильдің 2023 жылғы 20 наурызда ЮНЕСКО сайтында жариялаған «Болашақты түрлендіру үшін білім беруді жаңарту: Трансформацияланатын білім беру жөніндегі саммиттің маңызды перспективалары» мақаласын оқуды ұсынамыз: https://en.unesco.org/futuresofeducation/ideas-lab/renewing-education-transform-future.
|