Главная
Новости
06.04.2023 Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы
Ұлттық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» апталығының аясында жазушы, этнограф, қазақ дәстүрін насихаттаушы Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Ұлттық тәрбиенің маңызы қандай?», «Қыздың бойында болуы керек қасиеттер?», «Ұлт көшбасшысы деген кім?» деген сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.
Көрермендер Зейнеп Ахметоваға қайынатасы Баһадүр, Ұлт батыры Бауыржан Момышұлы туралы сұрақтар қойып, батырдың ерлігі, шығармашылығы жайлы сөз өрбіді. Іс-шара соңында әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов құрметті қонағымызға алғысын білдірді.
Зейнеп апамыз кездесуді «Адам ұлтпен бірге туады, сол ұлтпен дамып, тұлға болып қалыптасады. Халықтың көңілінен асатын ұлылық жоқ» деген жігерлі сөздерімен түйіндеді.
«Ұлы дала тұлғалар» секторы |