Главная
Новости
07.04.2023 Тарихты оқытудың жобалық негіздері мен жәдігерлердің тарихи маңызы
2023 жылғы 5 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарихты оқытудың жобалық негіздері мен жәдігерлердің тарихи маңызы» тақырыбындағы Алматы қаласы мен Алматы облысы орта мектеп мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Семинар жұмысында Алматы қаласының гимназия мен лицей ұстаздары Г.У. Рашева, Қ.Б. Қамысбаева, А.Ұ.Кожантова және Д.Есенов, Д. Құдайбергенов, «Білім және инновация» орталығының директоры Ж.Е.Сманкулова баяндама жасады. Семинарға «Әлем тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылары К.М.Рүстем, Ж.Нұрманбетқызы, Б.Сағидоллаұлы және Р.Ө.Сейтқазиев қатысты. Іс-шара барысында Алматы облысы Музейлер бірлестігіне қарасты «Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Ә.Ж. Тұрлыбаев баяндама жасап, музейдің тарихи жәдігерлерінен көрме ұсынды. Семинарда креативті ойлар мен тың ізденістерден баяндамалар жасалып, тарихи жәдігер мен құндылықтары жайында ақпараттар берілді.
|