қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.04.2023

Мектеппен жұмыс: мамандық - табысты өмірдің кілті

 

2023 жылғы 7 сәуірде Тарих және құқық институты cаясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының бір топ оқытушылары Алматы қаласындағы №173 лицейге барып кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Тарих және құқық институты мен №173 лицей арасында осыған дейін білім беру және ғылыми жұмыстағы ынтымақтастық жайлы меморандум қабылданған болатын. Меморандум аясында ғылыми және педагогтық жұмыстағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту шаралары және мамандыққа бейімдеу аясында оқушыларға институт мамандықтары жайлы ақпарат берілді. Кафедра мамандықтарының ерекшеліктері жайында аға оқытушылар А.Мейрманов пен Г.Д.Рахимова сөз сөйледі. Кафедра оқытушылары А.Ж.Мұқажанова, Ф.М.Сұлтанова, Ж.Қ.Мадалиева және Б.З.Иманмолдаева, А.Батырханова, Қ.А.Қантаева, А.Сарыбаева және Ұ.Арипжанова оқушылармен етене араласып, оқу орнымыз туралы буклеттер таратты.

 

  alt=  

 

  alt=