қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.04.2023

Қазіргі педагог тұлғасын қалыптастыру


2023 жылғы 7 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы білім беру ұйымдарының мамандарына заманауи мұғалімнің жеке басының психологиялық-педагогикалық дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазіргі педагог тұлғасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

 

Семинар барысында №118 ЖББМ ММ директоры Бақыт Бопанова құттықтау сөз сөйледі. Семинар спикері Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Гүлмира Саудабаева «Қазіргі педагог тұлғасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Семинар бағдарламасында талқылау, сұрақ-жауап, сындарлы ұсыныстар болды.

 

  alt=  

 

  alt=