қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.04.2023

Мамандық әлеміне саяхат!

 

2023 жылғы 10 сәуірде «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» апталығы аясында университет пен мектептер арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Психологиялық қызмет» секторының психологтары №71 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушыларына «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында тренинг жүргізді.

 

Тренингтің мақсаты - болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру, олардың негізгі түрлері мен классификациялары, сондай-ақ оларды таңдау әдістері туралы білімдері мен түсініктерін кеңейту.

 

Оқушылармен байланысты орнату мақсатында тренинг «Өзіммен пикникке не аламын?» таныстыру жаттығуынан басталды. Тренинг барысында оқушылар бір-бірін жақын танып, қарым-қатынас дағдыларын игерді. Тренингтің негізгі бөлігінде Е.А.Климовтың классификациясы бойынша ойын-жаттығуы жүргізілді. Жаттығудың мақсаты - қатысушылардың қабілеті мен деңгейіне қарай, мамандық таңдауына бағдарлану болып табылады.

 

Тренинг соңында қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында рефлексия жүргізіліп, оқушылардан жағымды әсер алып, кері байланыс орнатылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Психологиялық қызмет» секторы