Главная
Новости
12.04.2023
Құрметті әріптестер!
Ғылым қызметкерлері күнімен құтты болсын! Ғылым - кез келген елдің маңызды тірегі болып саналады, адамзаттың дамуына серпін беріп, мүмкіндіктердің жаңа көкжиектерін ашады. Абай университетінің ғалымдары мен жас зерттеушілері өз университетінің де, ғылымының да, соның нәтижесінде бүкіл Қазақстанның дамуына лайықты үлес қосуда. Университет тарихындағы ұзақ жылдар ішінде ғалымдарымыз отандық экономиканы нығайтуда үлкен рөл атқарған бірегей ғылыми жобаларды әзірлеп, жүзеге асырды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел ғалымдарының алдына жаһандық деңгейде іргелі зерттеулер жүргізу, инновацияларды дамыту, батыл ғылыми идеяларды нақты жетістіктер мен жаңалықтарға айналдыру бойынша ауқымды міндеттер қойып келеді.
Бұл бағытта қазақстандық ғалымдар, соның ішінде Абай университетінің ғалымдары, өздерін халықаралық деңгейде сенімді түрде танытуда, олардың халықаралық деңгейде мойындалған ғылыми басылымдардағы жарияланымдарының саны мен сапасы артып келеді. Бұған дейін де, бүгінде де біздің ұжым заманауи технологияларды тиімді енгізе отырып, білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелерді шешуге белсене атсалысып, алдымызға жаңа міндеттер қойып, оларды университет пен ел игілігі үшін табысты жүзеге асыруда.
Барша ғалымдарымызға зор денсаулық пен амандық, жаңа ғылыми идеялар мен ең батыл жобалардың жүзеге асуын тілеймін!
Құрметпен, Дархан Біләлов
|