Қырғызстан Республикасындағы мерейтой:
әйгілі әдебиеттанушы Абдыкерім Муратовтың 60 жылдығы
2017 жылдың 17 мамарында әйгілі әдебиеттанушы, журналист, п.ғ.д., жазушы Абдыкерім Мұратов 60 жасқа толды.
Жазушы ретінде 15 шақты әдеби шығарма, соның ішінде тарихи роман, повесть, әңгімелер, жазушылар туралы очерктер және 1500 астам мақалалардың автор.
Қазіргі таңда «Zaman Kyrgуzstan» халықаралық газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқаруда. Әдебиеттанушы ретінде А. Мұратов әдебиет теориясынан өзінің терең зерттеулерімен танымал (60 жуық монография, соның ішінде «Этнопедагогика в творчестве Ч.Т. Айтматова»). Әдіскер ғалым ретінде 15 қырғыз әдебиеті оқулығының, оқу-әдістемелік ұсынымның, нормативті құжаттардың және бағдарламалардың авторы. Ғалым қырғыз тіліндегі алты терминологиялық сөздіктің және қырғыз-башкир екі тілді әдеби терминдер сөздігін жасап шығарған.
И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде кафедра профессоры болып жұмыс істеп, қырғыз, орыс, түрік тілдері мен әдебиеттерінің теориясы мен әдістемесі Ғылыми Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Көптеген үкіметтік мадақтама қағаз, белгі, медаль, гранттармен марапатталған.
Ғалымның халықаралық мерейтойына ТМД және алыс шетелден әріптестері келді. Біздің университет атынан Қырғыз педагогика ғылымдарыны Академиясының диссертациялық кеңесіңінің мүшелері және сарапшылары п.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Б.Сманов пен п.ғ.д., профессор М. Кондубаева шақырылды.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы