қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.04.2023

«Молекулярлық жасуша биологиясы» курсы бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар


2023 жылғы 10 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтында Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының меңгерушісі, Назарбаев Университеті, PhD Шолпан Асқарованың «Молекулярлық жасуша биологиясы» курсы бойынша дәрістер мен практикалық сабақтардың екі апталық циклі басталды. Бұл курс «NATIONAL LABORATORY Astana» ЖК мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде өтеді. Ол көптеген перспективалы бағыттарда өзара қызығушылық салаларындағы байланыстарды көпжақты дамытуды көздейді.

 

Дәріс курсы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, сондай-ақ институт пен университеттің профессор-оқытушылар құрамын қоса алғанда, көптеген мүдделі тұлғалар үшін ашық форматта өтеді. Сабақтарда жасуша биологиясында қолданылатын теориялық ережелер мен қазіргі заманғы әдістер қарастырылып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруға өтінімдер беру қағидалары бойынша; халықаралық рецензияланатын журналдарда ғылыми мақалалар жариялау және ғылыми зерттеулер нәтижелерін ауызша таныстыру бойынша практикалық семинар өткізіледі. Сондай-ақ, іс-шаралар жоспарында «Биомедицина мен экологиядағы заманауи жетістіктер» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар қарастырылған.

 

  alt=  

 

  alt=