Главная
Новости
18.05.2017 « Кәсіби бағдар беру» форумы - АЛМАТЫ 2017
Бүгінгі таңда білім саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Оның мән-жайын талқылап түсіндіру әрі Елбасы Жолдауында міндеттелген бірқатар мәселені саралап, нақтылау мақсатында өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби құзыретті маман болуына жағдай жасау қазіргі күннің өзекті мәселесі. Соңғы кездерде мектеп түлектері арасында педагогикалық, инженерлік-техникалық, қызмет көрсететін жұмысшы мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде.
Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Асан Сәтмырзаев Адасбекұлы ... «Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «... әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсеткен. Осы мақсатта , Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2015 жылдан бері « Кәсіби бағдар беру» форумы құрылған болатын. Жас ұрпақтың дұрыс мамандық таңдап, болашақ өмірлеріне дұрыс таңдау жасау барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, академик С.Ж.Піралиевтің арнайы тапсырмасымен талантты жастарды іздеу мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлы басқаруымен 2015 жылы құрылған «Кәсіби бағдар беру форумы» өз жұмысын жаңа басшымен жалғастырды. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Асан Сәтмырзаев Адасбекұлымен университтеттің «Кәсіби бағдар беру форумы» жетекшісі аға оқытушы Е.Бірталаев басқарған топ мүшелері: Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жангушов Бауыржан, Филология және көптілді білім беру институтының доценті, ф.ғ.к., Е.Молдасанов 17.04.2017 - 18.05.2017 жыл аралығында Алматы қаласының аудандарының мектептерінде болып, 2500 -ден аса тулектермен және олардың ата -аналарымен пікір алмасып, 2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу /КТ жүйесінегі жаңалықтар : Сұрақ • Математикалық сауаттылық (20 тапсырма, бір дұрыс жауап); • Қазақстан тарихы (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
Мектеп бітірушілер мен ата-аналарды толғандырған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Сөз соңында мектеп ұжымы және ата-аналармен білімгерлер алғыстарын айта отырып, осындай іс-шараның қажеттігі мамандық таңдауда үлесі зор екендігін айта отырып, жыл сайын осындай іс-шараның өтілуіне сұраныс жасады.
|